Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шошқа фермасының басшысы уақыт сұрап отыр

Уақыт беріңіздер! Тұрғындары тынысымызды тарылтты деп шағым айтқан Ақтөбе облысының Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының басшысы шешім қабылдауға әкімдіктегілерден уақыт сұрады. 

Шошқа фермасының басшысы уақыт сұрап отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кешеннің жұмысын тексеру үшін құрылған комиссия бүгін жұмыстың қорытындысын жариялаған болатын. Ал облыстық әкімдік кәсіпкерге екі талап қойып еді: кәсіпорынды жабу не бағытын өзгерту. Алайда ол сол күйі өзгеріссіз қалған.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов: «Екеуінің біреуін қабылдау керек. Талап сол күйінде қалды. Заң бұзушылықтар бар. Соның ішінде ферманың жұмысында, сантиарлық, эпидемиологиялық, экологиялық талаптардың бұзылуында кемшіліктер анықталды. Олардың мөлшерлері белгіленді. Барлық материалдары прокуротураға берілді. Алға ауданы ішкі істер бөліміне әрі қозғау үшін жеткізілді» деді.

Естеріңізге салсақ, осыдан он күн бұрын Бестамақ ауылының тұрғындары шу шығарған еді. Олар кәсіпорынның жұмысын шұғыл арада тоқтатуды талап етті. Өйткені, фермадағылар жануардың ішек-қарнын ауыл маңына төгіп, ауаны ластайды деп уәж айтқан болатын. Қазір кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Ферма басшысы қандай шешім қабылдағанын бір апта ішінде айтуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы