Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шошқа фермасы жабылуы мүмкін

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин бүгін шошқа фермасының жұмысына қарсылық көрсеткен топты қабылдады.

Шошқа фермасы жабылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оңдасын Оразалин Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының лас жұмысын әшкерелеп, шаруашылықтың жабылуын талап еткен топты қабылдады.

«Жүздесу барысында бастамашыл топ мүшелері көпшіліктің ой-пікірін жеткізді. Мұқият тыңдап, тиісті органдарға қысқа мерзімде және шұғыл іс-шара жүргізуді тапсырдым. Қай мәселе болса да ашуға салмай, ақылға салып шешетін халықпыз ғой. Бұл проблеманың да оңтайлы шешу жолдарын бірге қарап, ортақ бір мәмілеге келдік. Бұл жерде екі мәселе бар: Біріншіден, қоршаған ортаға келтірген зиянды заттарды залалсыздандыру, өтемақы төлеттіру және заң аясында жауапқа тарту. Мұнымен құқық қорғау органдары айналысуда, тиісті тапсырма берілді. Екіншіден, көпшіліктің пікірін ескеріп, тексеріс қорытындысының нәтижесімен «Парижская коммуна – XXI» ЖШС басшылығына шаруашылықтың бағытын өзгертуге немесе мүлдем жабу туралы талап қойылады. Бұл мәселенің шешілу мерзімін анықтауды арнайы мамандарға тапсырамын. Шаралар барысы өзімнің жеке бақылауымда. Арнайы құрылған комиссия мүшелері күнделікті жұмыс барысын баяндап отыр», – деп жазды облыс әкімі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ипотеканы кім көбірек рәсімдейді: ерлер ме, әйелдер ме?

Тұрғын үй

Қызылорда облысында белгісіз дерттен жылқы жаппай қырылып жатыр

ауру

Жапаров Ташиевті президенттікке ұсынуды жоспарлағанын айтты

С.Жапаров пен Қ.Тәшиев

Ұлытау облысында заңсыз өндірілген марганец кені шетелге 1 млрд теңгеге сатылған

марганец кені