USD
USD
USD

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Бейжің олимпиадасының жартылай финалына өтті

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы 2022 жылы Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында аралас командалық эстафетада бақ сынады.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Бейжің олимпиадасының жартылай финалына өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамында Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова және Денис Никиша өнер көрсетті.

Ширек финалдық жарыстардың қорытындысы бойынша қазақстандық шорт-трекшілер 2:43,02 уақыт көрсетті және бұл жарыстың жартылай финалына шығу үшін жеткілікті болды.

Алайда 1/2 финалда өз жарысында Қазақстан құрамасы үшінші орын алып, финалға өте алмады.

Бұған дейін шорт-трек жарысында қазақстандық Әділ Ғалиахметов жарысқа түскен болатын. 1000 метрге іріктеу жарысында ол үшінші орын алып, ширек финалға өте алмады.

 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду