USD
USD
USD

Шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан күміс жүлдегер атанды

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен өткен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрге эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан күміс жүлдегер атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрамында Абзал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша бар қазақстандықтар финалда Италия, Канада және Оңтүстік Корея командаларымен сынға түсті. 

Эстафета қорытындысында оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, қазақстандықтар екінші, канадалықтар үшінші орынға ие болды. Пенальти алған италиялықтар жарыстан шеттетілді. 

Жекелей сында Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта медаль үшін таласуға мүмкіндік беретін А финалына өте алмады. Ол В финалында екінші орынға ие болды. Ал Денис Никиша жартылай финалда пенальти алып, жарыс жолынан шығып қалды. 

Әйелдер арасында 3 мың метрлік эстафетада Нидерланд, Канада және Италия қыздары үздік үштікке ілікті. 

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогінің Монреаль кезеңіне қатысқан жоқ. 

Әлем кубогінің келесі кезеңі АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді. Сондай-ақ желтоқсан айында Алматы қаласына да кезек тиеді.

Қазір оқып жатыр

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық