USD
USD
USD

Шорт-трекші Кореядағы чемпионатта финалға шықты

  Қазақстандық шорт-трек құрамасының капитаны Денис Никиша Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Шорт-трекші Кореядағы чемпионатта финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы 500 метрге жүгірудің іріктеу кезеңін сәтті өткізді. Төртінші топта ол мәреге бірінші келген. 10-12 наурызда өтетін әлем чемпионатында 11 қазақстандық спортшы бақ сынайды. Тізімде Денистен бөлек, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Антон Хван, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек бар. Қазақстан құрамасын бұрынғы спортшы Нұрберген Жұмағазиев баптап жүр.

Нұрберген Жүмағазиев, Қазақстан құрамасының шорт-тректен бас бапкері:

Жас спортшыларымыз бар. Осында келмеген Насен Айбек деген осы біздің спортшымыз бар 19 жастағы. Осы 5 пен 6 әлім кубогына барып 19 жастағы спортшымыз жасөспірім арасында өнер көрсетеді. Сол спортшымыз командалық сайыста Денистар мен қатысып финалға шыққан болатын. Сондықтан оларды алда әлі болашақ күтіп отыр. 

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы