USD
USD
USD

Шорт-тректен Әлемдік тур сериясының алғашқы кезеңінде қазақстандық спортшылар көзге түсе алмады

Монреальда (Канада) шорт-тректен Әлемдік тур сериясының алғашқы кезеңі аяқталды. Қазақстандық спортшылар онда көзге түсе алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Шорт-трек
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Осы маусымда Әлем кубогінің атауы өзгеше – Әлемдік тур (World Tour). Бірінші кезеңді Канаданың Монреаль қаласы қабылдады. Айта кету керек, Канададан кейін құрама командалар Солт-Лейк-Ситиге (АҚШ) аттанады деп жоспарланғанмен, турнирдің екінші кезеңі де Монреальда өтетін болды.

Әлемдік жарыстың алғашқы сайысында Қазақстан командасы жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Финалдық раундқа Денис Никиша жетті. Ол B финалында 500 метр қашықтыққа өнер көрсетті, алайда пенальти алып қалды.

Финалға ерлер арасындағы эстафеталық команда қатысты. Спортшылар онда екінші орын алып, қорытынды есепте алтыншы орынға тұрақтады.

1500 метр қашықтықта Әділ Ғалиахметов жартылай финалға шықты. Алайда бұл спортшы да жетінші болып келіп, финалға шыға алмады.

Сондай-ақ жартылай финалға Алина Әжіғалиева жеткен (1500 метр), бірақ ол да Ғалиахметов секілді мәре сызығына соңғы болып жетіп, жарысты аяқтады.

Өзге пәндер бойынша жоғары көрсеткішке отандық спортшылар қол жеткізе алмады.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан Футболдан әлем чемпионатына орай коллекциялық монеталар шығарады

Өзбекстан

Астананың Триатлон саябағында көгалды өртеді деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды

Триатлон саябағы

Қазанда Қосшыда NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Тоқаев, Жақыпов

Білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі жарияланды

грант