USD
USD
USD

Шорт-тректен 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары белгілі болды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Петр Гамидов Бейжіңде (Қытай) өтетін алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімін атады.

Шорт-трек
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Маманның айтуынша, құрамға он спортшы енген. Жүлде үшін Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжғалиева бақ сынайды.

Қазіргі уақытта ұлттық құрама Астанада әлем чемпионатына соңғы дайындықтарын жүргізіп жатыр. Команда 8 наурызда Бейжіңге аттанады.

Әлем чемпионаты 14-16 наурыз аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, өткен жылы әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын. Ол ересектер арасындағы әлем біріншілігінде шорт-тректен жүлде алған алғашқы қазақстандық атанған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер