USD
USD
USD

Шорнақтан шыққан шуға не себеп?

Полиция өкілдері Түркістан облысы Шорнақ аулындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шорнақтан шыққан шуға не себеп?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары қақтығыстың тууына 21 шілде Шорнақ аулындағы тұрғындарының жанжалдасуы себеп болғанын айтты. 

Полиция мәліметінше, қақтығыстан кейін белгісіз біреулер жанжалға қатысқандардың бірінің үйіне және туыстарына тас лақтыра бастаған. 

Сол кезде оқиға орнына Кентау қаласының учаскелік полицейі келген. Ол жарақат алған. Айта кетейік, әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тараған. Полицей беті және киімі қан болған.  

«Аталған ақпаратты алысымен оқиға орнына алғашқылардың бірі болып, осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Құралбаев жеткен. Ол ауыл тұрғындары арасындағы түсінбеушілікті тоқтатқан. Тұрғындардың қару қолдануына жол бермеген. Осылайша учаскелік полиция инспекторының жедел әрекет етіп, дұрыс жұмыс жүргізгенінің арқасында дау-дамай, бұзақылық тоқтап, адам шығыны болмаған. Алайда, өз қызметін атқару барысында полицей күдіктілер атқан тастан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген және оған медициналық көмек көрсетілген», – дейді полиция өкілдері. 

Артынша әлеуметтік желіде адам көп жиналған жерден видео тарады. Видео авторы оқиға Шорнақ аулында болғанын айтқан. 

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.