17 Ақпан 15:27

Шопан қорада өзіне қол салған

өзіне қол жұмсады
Фото: almaty.tv
Түркістан облысына қарасты Шолаққорған ауылының азаматтары бір күнде бес жүз бас малынан айырылды. 

Алматы, NEGE. Қойшы өз-өзіне қол салған. Ең сорақысы, қорада азамат асылып тұрғанда, малға қол салғандар айласын асырып үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Созақ ауданы Шолаққорған ауылының полиция бөліміне жиналған бұл жұрт 3 айдан бері қойшыға қосып жіберген малын таппай жүр. Былтыр 11 қарашада төрт түлікті әкеткен қойшы Ғалымжан Өзбеков ауыл іргесіндегі қорадан өлі күйінде табылған. Ертеңіне малын іздеген ел жайылымға жіберген бір саулықты да әкеле алмаған. Жұрт жаназамен әуре болып жүргенде ауылдық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы тұяқтыларды айдап әкеткен дейді.

«Бізге толыққанды жауап айтқан жоқ. «Қойшы өліп қалған. Өліп қалған адамнан не сұраймыз?» дейді. Малды полиция бөлімінің бұрынғы басшысы Әлімбеков Жүнісхан мен Қыдырбай деген кісі бөліп алды. Үйіне келсек «қараңғы болып кетті, ертең азанда келіңіздер» дейді. Ал таңертең бірыңғай көк сырға тағып тастаған», – деді облыс тұрғыны Асқар Есжанов

Қойшыға барлығы 32 отбасы 555 малын тапсырған. Ең көп шығын көрген бір азамат тіпті 80 бас түлігінен айырылып отыр. Прокуратура мен полицияға арызданған жұрт «шенділер өзімізге шабуыл жасап әлек» дейді. Олар өздеріне тиесілі тұяқтыларды танығанымен, амал болмай тұр.

Тегтер: