USD
USD
USD

Шөмішбай Сариевтің жаңа кітабы таныстырылды

Нұр-сұлтанда ақын, әдебиеттанушы, ғалым және Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Шөмішбай Сариевтің «Жүрегім – қазақ елі» атты жаңа туындысының тұсаукесері өтті. Бұл жайлы ҚазАқпарат жазды.

Шөмішбай Сариевтің жаңа кітабы таныстырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шөмішбай ағамызды қанатты ақын деп бекер атамаған. Оның бір қанаты - ақындық болса, екінші қанаты – жыр шумақтары. Шөмішбай Сариевтің өлеңдерінде өмір мен табиғат сұлулығы керемет көркемделген. Сондай-ақ, ақынның лирикалық өлеңдері мен жырлары тыңдарманның жүрегін тез жаулайды. Шөмішбай ағамыздың сөзіне жазылған әндерді Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Нұржамал Үсенбаева, Бағдат Сәмединова және тағы басқа елімізге танымал әншілер орындап жүр. Сол сияқты талантты ақынның шығармалары мәдениет, әдебиет саласындағы түрлі мемлекеттік сыйлықтар мен құрметтерге ие», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымбекова.

Ақын кітабының тұсаукесері елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті. Және аталған шараға қоғам және мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен ақынның замандастары қатысты.

Сондай-ақ, ұлттық кітапханада «Қос қанатты ақын» атты Шөмішбай Сариев есімі берілген зал ашылды.

«Бүгін ашылған залдағы мұралар арқылы қазіргі және кейінгі жас ұрпақ ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығымен етене таныса алады. Талантты ақынның еңбектері жастарды шығармашылыққа баулитынына сенімдімін. Ағамыздың мәдениет пен әдибеттегі ізі мен мұрасы ғасырдан ғасырға жалғасады деген ойдамын. Және осы істің басы-қасында жүрген жандарға алғысымды білдіремін. Ақынның шығармалары мәңгі жасай берсін», - дейді министр.

Еске сала кетсек, елге еңбегі сіңген қайраткер Шөмішбай Сариев биыл ақпан айында дүниеден өтті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.