USD
USD
USD

Шомылу маусымы басталғалы 144 адам суға кеткен

Өткен демалыс күндері еліміздің су айдындарында 15 адам, оның ішінде 5 бала қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Шомылу маусымы басталғалы 144 адам суға кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 19 шілде күні Ақмола облысында Жалтыркөл ауылынан 5 шақырым жерде Есіл өзенінен құтқарушылар жабдықталмаған жерде шомылып жүріп, суға батқан 2005 және 2008 жылы туған екі баланың денесін тапты.

Олар мұнда туыстарымен бірге демалуға келген.

Қостанай облысында Қайыңды кентінен 7 шақырым жерде Торғай өзенінде 1960 және 1970 жылы туған 2 ер адам суға кетті. Олар жабдықталмаған жерде шомылған. Марқұмдардың денесін куәгерлер алып шыққан.

Шомылу маусымы басталғалы 144 адам, оның ішінде 43 бала суға кеткен.

Мұндай қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – өз шамасын білмеу, мас күйінде шомылу, суға батып бара жатқан адамды құтқару және балаларды қараусыз қалдыру.

1 маусымнан бері су айдындарында құтқарушылар 51 адамды, оның ішінде 11 баланы аман алып қалған.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов