USD
USD
USD

Шөкеев зардап шеккен халықты сабырға шақырды

Түркістан облысының әкімі Мақтаарал ауданында екі ауылды су басуына байланысты халыққа бейнеүндеу жолдады.

Шөкеев зардап шеккен халықты сабырға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өзбекстан тарапымен сөйлестім. Ол жақта қоймадан шыққан су тоқтатылған. Мақтааралдағы коллектордың қуаты - секундына 120 текше метр. Алайда түнімен секундына 180 текше метрден су ағып, ауылдарды су басып қалған. 4 елдімекеннен 5400 адам көшірілді. Оларға тиісті көмек көрсетіліп, қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Қазір біз су басқан өңірлерді қайтадан аралап, тексеріп шығамыз. Су басу қаупі сейілсе, халқы көшірілген үйлерді күзетке аламыз. Мүлкін, малын полиция қорғайды. Мал мен адам шығыны жоқ. Су деңгейі әлі де көтерілсе, тағы 4 елді мекеннің халқын эвакуациялаймыз. Ол - Нұрлы жол, Фердауси, Жантақсай және Жайлыбай ауылдары. Қазір дүрлігіп, үрейленбеңіздер. Бәрі реттеледі. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды реттеуге облыстық толық мүмкіндігі бар», - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Айта кету керек, Мақтааралдағы су басқан ауылдардан 5400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Түркістан облысында су тасқыны қаупі төнген 3 ауылдың халқы эвакуациялануда. 

Қазір оқып жатыр

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.