USD
USD
USD

Шөкеев: Пайда табуды көздегендер жазаға тартылады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында

Шөкеев: Пайда табуды көздегендер жазаға тартылады
Фото: NEGE.kz

осылай деді. 

Алматы, NEGE.  «Облыста 2079 адам коронавирус індетіне шалдықты. Ең көбі Түркістан қаласында 602 адам, Кентауда 415 адам, Сайрам ауданында 262 адам. 1911 адам, оның ішінде 9-ы бала стационарлық бақылауда жатыр. Республика бойынша бір күнде 2 мыңға жуық жағдай тіркелсе, бізде 28 жағдай тіркелді. Өсім 1,4 пайызды құрап отыр. 2079 адамның 795-і сауығып шықты. Бұдан бөлек, пневмония бойынша науқастар саны 5421-ге жетті. Сауығып шыққандар 2954 адам болды. Коронавирус індетінен 11 адам, пневмониядан 46 адам көз жұмды. Қайтыс болған адамдардың жақындарына қайғырып, көңіл айтамын", - деді Шөкеев. 

Әкім облыс бойынша жүйелі түрде тиісті шаралар қабылданып жатқанын айтты. 

«Барлық қала мен ауданда  инфекциялық стационарларда 440 төсек орын дайындалды. Провизорлық стационарларда 1891 төсек орын, карантиндік орталықтарда 980 төсек орын әзірленді. Бір апта бұрын төсек орын жетіспей қиналып жатсақ, бүгінде олардың 41 пайызы босады. Пайда табуды көздеп, қымбатқа сатқан азаматтар бар. Олар жазаланады», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: қылмыстық іс қозғалды

.

Мемлекеттік бюджет кірістері шамамен 17%-ға өсіп, жоспардан асыра орындалды

Ақша

Тоқаев АҚШ пен Иранның бітімгершілік келісімін құптайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

.