Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шөкеев: Кентау мен Түркістанның арасы оазиске айналады

Түркістанда жаңа су қоймасы салынды. Түркістанның іргесінде жаңадан салынған Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасына су келді. Осылайша мол су қоры жоқ шаһардағы ағын су мәселесі шешіле бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шөкеев: Кентау мен Түркістанның арасы оазиске айналады
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE.  Қарасу өзенінің мөлдір, таза суын сақтауға арналған жаңа қойманың іске қосылуы су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға да сеп болмақ. «Болашақта Кентау мен Түркістанның арасы оазиске айналады. Жаңа су қоймаларының саны артады. Бұл өңірде балық дамытуға септігін тигізеді. Су қоймаларының жағалауында демалыс аймақтары ашылады. Осылайша суды тиімді пайдаланып, оны сақтап, суармалы жерлерге жұмсауға болады», – деді шаһардағы су қоймаларының құрылысын бақылаған өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев. Түркістан облысында ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Сыйымдылығы 18 млн м3 су қоймасына 1 млн м3 су жиналды. Алдағы уақытта 10 млн м3 дейін жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда үлкен дамбы биіктігі 27 метрге дейін көтеріліп, жоғарғы бефі 40 % бетонмен қапталды. Кіші дамбы толықтай тұрғызылып, жоғары бьефі 60 % бетонмен қапталды. Су әкелетін каналдың 9,8 толықтай бетонмен қапталды. Су жеткізуші каналдың 14,5 шақырымы қазылды. Жоба толық іске асқан жағдайда Түркістан өңіріне қосымша жылына 34 млн.м3 ағын су жеткізілетін болады. «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын шешу мақсатында «Түркістан магистралдық арнасы» күрделі жөндеуден өтуде. Сыйымдылығы 18 млн текше метр Кеңсай – Қосқорған-2 су қоймасы салынып, Жетікөл көлдер жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Түркістан магистралдық каналын толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық канал салынуда. Нәтижесінде, жылына ағын су пайдалану көлемі 195,4 млн текше метрге артып, жыл сайын қосымша 14,7 млрд теңгенің өнімін өндіру мүмкіндігі пайда болады. Облыс аумағындағы барлық су арналары цифрлы жүйеге көшеді.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық