USD
USD
USD

Шоқан Уәлихановқа қатысты тың дерек табылды

 Семейлік өлкетанушылар әйгілі ғалым қонақ болған үйді анықтады.

Шоқан Уәлихановқа қатысты тың дерек табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ғимараттың салынғанына 160 жылдан асса да, әлі күнге дейін тамаша сақталған. Атақты саяхатшы осы үйге жазушы Федор Достаевскиймен бірге келіп жүрген. Ал үй иесі, көпес Мир-Құрбан Аюпов даңқты тұлғамен қауіпті саяхатқа бірге барып, керуеннің барлық шығынын өзі көтерген. Тіпті, географтың Әлімбай есімін алуына да тікелей ықпал еткен деген болжам бар. Тоқсан жасқа аяқ басқан қария, өлкетанушы Шафкат Файзуллин  Семейдің кезінде татар слободасы, қазір «Таткрай» аталатын шағын ауданындағы әр ғимараттың тарихын жақсы біледі. Әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов 1858 жылы Қашқар сапарына барғанда жанына 10 ай, 14 күн серік болған семейлік көпес Мир-Құрбан Аюпов туралы тұщымды деректі осы кісінің аузынан естідік. Мұны білетін жөні де бар. Себебі, ақсақалдың атасы Мұхамед Кәрім өз заманында сауда-саттықпен айналысып, екінші гилдиялы көпес болған.  

Мәдениет басқармасының мәліметінше, Абай облысында 423 мәдени-тарихи ескерткіш бар. Семейде 36 сәулет ғимараты жергілікті маңыздағы ескерткіштер тізіміне енген. Осы нысандарды қорғау, сақтау мақсатында өңірде арнайы коммиссия құрылған.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ

Премьер-министрдің орынбасарлары мен кей министрлер өз орнында қалды

қол қою

Сәтпаев Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев

Қазақстан «Росатом» компаниясымен алғашқы АЭС-ті салу туралы келісімшартқа қол қойды

АЭС салу туралы келісімшарт