USD
USD
USD

Шойгу Абылай ханды НЕГЕ зерттеді?

Қазақстандық журналист Ақмарал Баталова Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгудан сұхбат алды.

Шойгу Абылай ханды НЕГЕ зерттеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Эксклюзивті интервью Tengrinews.kz сайтында жарияланды. Сұхбат Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы, «Тұран әскері» идеясы мен АҚШ әрекеті жайлы өрбіді. 

Журналист Ақмарал Баталова министрден ел аузында жүрген «Ресей Қазақстанды қосып алғысы келеді» деген сауалға қатысты жауап алды. Шойгу аса мәдениетті қалпын бұзбай «сұлулығыңыз жайлы әңгіменің жәйі бөлек, терең білімді, өте ақылды жан екеніңізді білемін. Тарихтан хабарыңыз бар, сондықтан сұрағыңызға жауап беріп көрейін. Көктен жерге түсейік, біз дос елміз. Мен, мәселен, тарихи тұлға Ұлы Абылай хан жайлы жақсы білемін, оның өмір жолы мен ұстанымдарын жайлы ізденіп, оқып шыққанмын. Бұл – тарих. Қазақстан мен Ресей арасында әскери келісім бар. Бұл да тарих. Арамызда келіспеушілік туындайтын ешбір себеп жоқ деп айта аламын», – деді.

С.Шойгудың ұлты тыва (тува) екені белгілі. Тыва – түркі тілдес халық. Оның үстіне, Серейдің әкесі Күжүгеттің аудандық газет редакторы болғанын ескерсек, Ресей қорғаныс министрі қазақтың Абылай ханын не үшін зерттегені түсінікті бола түседі.    

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі