USD
USD
USD

ШОБ-ты 6%-ға микрокредиттеу жүзеге асырылмақ

Шағын бизнесті 6%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша микрокредиттеуді осы ай ішінде жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі.

ШОБ-ты 6%-ға микрокредиттеу жүзеге асырылмақ
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Шағын бизнесті қолдау маңызды мәселе болып табылады. Кредиттер мен кепілге қолжетімділік мәселесін шешу ШОБ-тің, әсіресе микробизнестің даму факторы болып табылады. Сондықтан "БЖК 2025" мембағдарламаға "микро және шағын бизнесті микрокредиттеу" жаңа бағыты қосылады», - деді дүйсенбі күні ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халықпен есепті кездесуінде.
ҰЭМ ақпарынша, жаңа бағыт 6% -тен аспайтын мөлшерлеме бойынша субсидиялау арқылы қаржыландыруды көздейді.
«Кредит көлемі айналымдағы құралдарды толықтыруға 5 млн. теңгеге дейін, өндірістік қажеттілікке 20 млн. теңгеге дейін беріледі, бұл микробизнес өкілдерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік туғызады», - деп санайды ұлттық экономика минінен.
Сондай-ақ, бизнес субъектілерінің кепілінің жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе де шешімін тапты - Даму қоры негізгі ұзақ займның 85%-іне дейін кепілдендіреді.
"Жаңа бағыт "БЖК 2025" мембағдарламасына өзгерістер енгізуді, сондай-ақ, рәсімдер мен ЕДБ-ді тартуды талап етеді. Сондықтан, жаңа бағытты осы ай ішінде іске қосу жоспарланып отыр», - деді Дәленов.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза