USD
USD
USD

Ішімдік ішіп, өзгенің көлігін айдап кеткен жамбылдық тұрғын ұсталды

Ішімдік ішіп, өзгенің көлігін айдап кеткен жамбылдық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік ұрлығы
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жамбыл аудандық полиция бөліміне Шайдана ауылының 44 жастағы тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі ВАЗ-2121 214 автокөлігі жоғалғанын айтты. Ол Жаңа жыл мерекесін атап өту үшін көрші фазендаға барған, онда бірге алкогольдік ішімдік ішкен малшылардың бірі көлігін ұйықтап жатқанда жасырын айдап кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған көлік 31 жастағы малшымен бірге ауыл маңындағы жол жиегінде табылды. Аталған дерекке қатысты "Автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" және "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым