USD
USD
USD

ШҚО-ның полиция бөлімшесінде күдікті қайтыс болған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында қылмысқа күдікті ретінде ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде қайтыс болды.

ШҚО-ның полиция бөлімшесінде күдікті қайтыс болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Мақаншы ауылында мал ұрлығы бойынша күдікті ретінде полиция бөлімшесіне жеткізілген 33 жастағы азамат көз жұмған. Қазір ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасымен облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев орын алған жағдайды анықтап тексеру үшін сол ауылға жетті.

«Менің басқаруыммен арнайы топ құрылды. Осы факті бойынша департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы «Азаптау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Процессуалдық прокурорлардың тобы тағайындалды. Марқұмның жақын туыстарының қатысуымен оқиға орнына жіті тексеру жүргізілді», - деді Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, қажетті сараптамалар, оның ішінде паталогоанатомиялық зерттеулер өткізілген. Әзірге сараптама нәтижелері дайын емес.

«Қаза болған азаматтың отбасына Үржар ауданының әкімімен бірге барып, оның туыстары мен достарының уәждерін тыңдадым. Олардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Кінәлілер заң шеңберінде жауапқа тартылады. Тергеудің әділ, әрі объективті жүргізілуі – менің принциптік ұстанымым, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер