USD
USD
USD

ШҚО: Туристер саны жыл сайын 3 пайызға артады

Шығыс Қазақстан облысына келетін туристер саны жыл сайын 3 пайызға артып отырмақ. 

ШҚО: Туристер саны жыл сайын 3 пайызға артады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірде туризм саласына ерекше көңіл бөлінуде. Туризмнің емдік-сауықтыру, қысқы, ауылдық, экологиялық, этнографиялық және гастрономиялық түрлері дамып келеді.

«Туристерді орналастыру орын­дарының санын ұлғайту, ку­рорттық аймақтардағы демалыс базаларын, тарихи және киелі сәулет орындарын абаттандыру, туристік маршруттар санын арттыру және көр­сетілетін қызметтерді ке­ңейту арқылы туристер ағыны жыл сайын кемінде 3 пайызға өседі деп күтілуде. Үржар ауданындағы Алакөл жағалауында сауықтыру және жаға­жай туризмі қарқынды дамып келеді. Биыл 962 төсек-орындық 19 жаңа демалыс базасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 800 төсек-орынға арналған 5 демалыс үйінің құрылы­сын аяқтау жоспарланған», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Катон­қарағай ауданында санаторийлық-курорттық емдеу қызметін кеңейту мақсатында 130 төсек-орынға ар­налған қонақүйлердің құрылысы аяқ­талды.

«Киелі жерлерге байла­ныс­ты туризм де маңызды рөл атқарады. Бүгінде тарихи орындарға баратын 27 туристік маршрут әзірленді. Техно­туризм саласы да назардан тыс қалған жоқ. Кур­чатов қаласындағы Ұлттық ядролық орта­лыққа барғысы келетіндер саны өт­кен жылмен салыстырғанда 25%-ға артып, 1 396 адамға жетті», - деді облыс әкімі.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран