USD
USD
USD

ШҚО-дағы сотталушылардың жаппай тамырларын кескені рас па?

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде сотталғандар жаппай өз тамырын кескені жайлы ақпарат тараған болатын.Таралған ақпаратқа қатысты ҚАЖ департаменті ресми мәлімдеме жасады.

ШҚО-дағы сотталушылардың жаппай тамырларын кескені рас па?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "ШҚО бойынша ҚАЖ жепартаментінің № 18 түзету мекемесінде сотталғандар жаппай өз-өзіне қол жұмсағаны туралы WhatsApp мессенджерінде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда 14 қыркүйек күні осы түрмеде екі сотталушы өздеріне дене жарақатын салғанын хабарлаймыз. Сотталғандар бұл әрекетін мекеме тәртібімен келіспеуіне байланысты жасағанын, ұстау тәртібі мен шарттарды жұмсартуды, атап айтқанда, мекемеде еркін қозғалып тұруды, телебағдарламаларды көруді және камера есігін құлыптамауды талап ететінін түсіндірген", – делінген департамент хабарламасында.

Сотталғандар ауруханаға жатқызылмай, сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Бұл дерек анықтамаларды тіркеу кітабына тіркелді.

"ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу тағайындады. Мекемеге прокуратура өкілдері келіп, жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді", – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты