Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ШҚО-дағы өрт: Күдікті ұсталды

Полиция Риддердегі өртке қатысты күдіктіні ұстады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

ШҚО-дағы өрт: Күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл мәселе ТЖМ құзырына кірмейді. Біздің білуімізше, Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша далада от жаққан. Толық ақпаратты Ішкі істер министрлігінен біле аласыздар»– деді Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне. Еске салсақ, кеше Риддерде ауқымды өрт болып салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел адам көз жұмды. Соңғы дерек бойынша 283 гектар аумақ отқа оранған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Риддердегі тұрғын үйлерді қамтыған ірі орман өртіне назар аударып, жауапты орындарға зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету туралы тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример