USD
USD
USD

ШҚО-дағы барлық табиғи өрттер сөндірілді

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, орманшылардың, өрт сөндірушілердің және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында өрт тоқтаған. 

ШҚО-дағы барлық табиғи өрттер сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлан ауданында Приморск орманшылығында және Глубокое ауданында Комсомол орманшылығында (Өскемен қаласының шеті) құрғақ өсімдіктердің жануы тоқтатылған.

26 маусымынан бастап Ұлан ауданында жалпы ауданы 5 гектар болатын өртпен күресіп, ал 27 маусым сағат 11:00-ден бастап Өскемен қаласының шетіндегі өртпен арпалысып, жалпы ауданы 14,2 гектар өрт сөндірілді.

Бұл екі өртті сөндіруді таулы, жартасты жерлер мен қатты соққан желдің екпіні қиындатып, жағдайды ушықтырып, өртті бірден үлкен аумаққа таратты.

Қол жетпейтін жерлерде өрттерді сөндіру үшін ШҚО әуе бөлімшесінің тікұшақтары қолданылды. Ұлан ауданында орманшылар мен су десантын жеткізу үшін екіншісінде әуе бөлімшесі 7 рет су төкті. Осылайша өрттің таралуына жол берілмеді. Әдетте, мұндай өрттер халықтың отқа немқұрайлы қарауынан болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда баспана нарығы мемлекеттік бағдарламаларға тәуелді болып қалды – сарапшы

.

Түркістан облысында мектеп қызметкерлерінің жөндеу жұмысына тартылғаны дау тудырды

.

Әл-Фарабидегі жол апаты: прокурор жүргізушіге қандай жаза сұрады?

апат

Түркістан облысы егіздер мен үшемдер саны бойынша көш бастады

егіздер