USD
USD
USD

ШҚО-дағы 191 ауылда әлі интернет жоқ

Шығыс Қазақстан облысындағы 191 ауылда әлі интернет қосылмаған, деп хабарлайды Kazinform. 

ШҚО-дағы 191 ауылда әлі интернет жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы жылдың басынан бері Шығыс Қазақстандағы 20 елді мекенге кеңжолақты мобильді интернет қосылды. Соның ішінде ең шалғайдағы Тарбағатай ауданы Асусай ауылы, Катонқарағай ауданы Ақсу ауылы бар.

«Өңір бойынша 363 елді мекеннің 172-сі интернетпен қамтылған, ал 191-і әлі қосылмаған. Өскемендегі №19, 20, 21-ші шағын аудандар интернетпен қамтамасыз етілді, алдағы уақытта 25-ші шағын ауданды қамту жоспарланып отыр. Аталған шағын аудандағы телекоммуникация желілерін қосу бойынша операторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді ШҚО Цифрландыру мен мұрағаттар басқармасының басшысы Серікхан Нұртазин.

Сонымен қатар биыл Шемонаиха ауданында Aitas холдингінің «Aitas Foundation» корпоративтік қорының бастамасымен «Ауылдағы интернет» қанатқақты жобасы іске қосылды.

«Тұрғындарды интернетке қосу маусым айының соңында басталды. Қазіргі уақытқа дейін Шемонаиха қаласында 247 абонент интернетке қосылған. Бұдан бөлек, Шемонаиха ауданындағы Усть-Таловка, Выдриха және Верх-Уба ауылдарында, Катонқарағай ауданы Катонқарағай, Үлкен Нарын ауылдарында да осы бағыттағы жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді басқарма басшысы.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар