USD
USD
USD

ШҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты

ШҚО-да жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

 ШҚО-да жол апатынан 5 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, өткен тәулікте өңірде үш жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапты.

Алғашқы екі қайғылы оқиға Семей қаласының маңында қала сыртындағы тас жолында орын алды.

Осы жылдың 28 қазанында сағат 18:15-те қала маңындағы автожолда “Volkswagen” маркалы автокөліктің 21 жастағы жүргізушісі 2012 жылы туған, кәмелетке толмаған жаяу жүргінші баланы қағып кетті, ол алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Бала үлкендердің алып жүруінсіз болған.

Сол күні, кешкі уақытта “Семей-Талица” бағытындағы автожолда 66 жастағы “ПАЗ” маркалы автобустың жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде тұрған 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Зардап шеккен адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Үшінші ЖКО Павлодар облысына 1 км жетпей “Омбы-Майқапшағай” автожолында орын алды, онда “Хонда” маркалы автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимінің асып кетуінен рөлге ие бола алмай, көліктің аударылуына жол берді, соның салдарынан өзіде және көлікте болған екі жолаушы да оқиға орнында қайтыс болды.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев мәлімдегендей:

– Әрбір факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3 және 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Жоғарыда аталған ЖКО-ның бірінде жас бала қайтыс болған, оның өліміне кінәлі жас жігіт ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен УҰИ-на қамауға алынды. Зардап шеккендердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Қазір қылмыстық істер аясында объективті тергеу қамтамасыз етілуде, тергеу әрекеттері жалғасуда, сот сараптамалары тағайындалды.

Сондай-ақ, өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетінін айта кету қажет.

 

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.