Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ШҚО-да жеңіл жүрісті қыздарды тонаған ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды тонап кеткен ер адамды ұстады.

ШҚО-да жеңіл жүрісті қыздарды тонаған ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бойжеткенмен бір пәтерде отырған азамат оның интимдік қызмет көрсететінін біліп қалған. Сондай-ақ нәзік жандының басқа жеңіл жүрісті қыздармен кешке қарай пәтерге жиналып, тапқан ақшаларын өзара бөлісіп, соманың бір бөлігін сақтап қою үшін араларындағы жауапты адамға беретіндіктерін естіген.

Сол кезде қылмыс жасауға бекінген ол маска тағып, жезөкшелердің жұмыстан қайтып оралуын күтіп, подъезге жасырынған. Пәтерге келген бойжеткендер сол күні тапқандарын санап, өзара үлестіріп жатқанда кіріп келген тонаушы ақшаны тартып алып, сол жерден тайып тұрды. «Ұрлық жасаған айыпталушы бес жылға бас бостандығынан шектелді.

Қазір ол тіркеуге алынып, пробация қызметінің инспекторлары онымен профилактикалық жұмыстар жүргізуде», - деді Үлбі аудандық пробация қызметінің бастығы Алмас Бұйратов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев