USD
USD
USD

ШҚО-да жемқорлық жайлы хабар берген адам 4 млн теңге сыйақы алды

Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға 4 млн теңге сыйақы берілді.

ШҚО-да жемқорлық жайлы хабар берген адам 4 млн теңге сыйақы алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жемқорлық фактісі жайлы хабарлаған азаматтарға сыйақы беріліп жатыр.

«Қазіргі уақытта параның немесе мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері 1000 АЕК-тен аспайтын сыбайлас жемқорлық туралы хабар берген адамға 100 АЕК-ке дейін сыйақы белгіленеді. Ал пара көлемі 1000 АЕК-тен асса, оған сол соманың 10 пайызы (бірақ 4000 АЕК-тен аспайды) беріледі. Жыл басынан бері облыста осындай фактілер жайлы хабарлаған 6 адам сыйақы алған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, сыйақының ең жоғары мөлшері 4 млн теңгені құраса, ең төменгісі – 138 900 теңге.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе