USD
USD
USD

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам көз жұмды.  

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға Шемонаиха ауданындағы Өскемен-Шемонаиха-РФ тасжолының 88-шақырымында болған. Шемонаиха қаласынан Өскеменге қарай жолға шыққан КамАЗ 5320» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Рулиха ауылына қарай бұрылатын жерде ВАЗ 2112 маркалы көлікпен соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2112 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы (31 жастағы әйел мен 29 жастағы екі ер адам) оқиға орнында мерт болды», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек