USD
USD
USD

ШҚО-да жаңа зауыт салынуда

Шығыс Қазақстан облысында келесі жылы майлы дақылдарды өңдейтін зауыт іске қосылады.

ШҚО-да жаңа зауыт салынуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, өңірде ауыл шаруашылығы саласы оң қарқынмен дамып келеді. Бүгінде аймақ күнбағыс тұқымын өндіруде республикада бірінші орында тұр.

«Семей қаласы мен Глубокое ауданында май экстрациялайтын 2 ірі зауыттың құрылысы жүргізілуде. Олардың қуаты, сондай-ақ майлы дақылдар үшін алқаптардың ұлғаюы өңірдің өсімдік майларының сан алуан түрлерін өндіруде мемлекет бойынша көшбасшы атануына жол ашады. Осы ретте, біз арнайы бағдарлама әзірлейміз. Ал келесі жылы егістік алқаптарының құрылымын түбегейлі өзгертуіміз керек», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, биыл қайта өңдеу зауыты іске қосылып, оның тәуліктік қуаты күнбағыс тұқымының өзінде ғана мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ 2022 жылы майлы дақылдарды өңдейтін тағы бір зауыт іске қосылмақ.

«Оған дән жетіспеушілігі сезілетіндігі анық. Демек, өңір шаруагерлері өз дәндерін қайда сатамын деп табан тоздырмайды. Мұндай өндіріс көлемімен пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпорындардың жалпы қуаты жылына 1,1 миллион тоннаға жетеді. Осылайша, түгел аймақ жоғары сапалы өсімдік майларымен қамтамасыз етіліп қана қоймай, оны экспортқа шығаруға да болады. Бұл ретте, әсіресе жақын көршілеріміз Қытай мен Ресей Федерациясы ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп отыр», - деді өңір басшысы.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай

Сауда министрлігі 17 жанармай құю бекетіндегі бензин сапасын тексеріп жатыр

Бензин сапасын тексеру

Непалдағы су тасқынында хабар-ошарсыз кеткендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Непал

Кәсіпкер көп, спортшы аз: жаңа Құрылтайға кімдер келді?

.