USD
USD
USD

ШҚО-да үш апта бұрын із-түзсіз кеткен кейуананың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында үйден шығып кетіп, жарты айдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз жоғалған зейнеткердің денесі табылды, деп хабарлайды Kazinform.

ШҚО-да үш апта бұрын із-түзсіз кеткен кейуананың денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Глубокое ауданы Белоусовка кентінде тұратын Купсюк Вера Григорьевна 10 қараша күні үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Алайда оның жоғалғаны туралы хабар полиция қызметкерлеріне тек 26 қарашада түсті. 

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына шұғыл кіріскен болатын. Сондай-ақ іздестіруге еріктілер де жұмылдырылған. 

ШҚО полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, бүгін 74 жастағы кейуананың денесі табылды.

Алайда оның нақты неден көз жұмғаны тек сараптамадан кейін ғана белгілі болмақ. Мәйіттің қайдан табылғаны туралы да ақпарат берілмеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев