USD
USD
USD

ШҚО-да су тасқыны болуы мүмкін деген өңірлерге әуеден барлау жүргізілді

Бұл туралы

ШҚО-да су тасқыны болуы мүмкін деген өңірлерге әуеден барлау жүргізілді
Фото: NEGE.kz

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Риддер қаласы, Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Күршім, Самар, Ұлан аудандарындағы өзен арналары, таулы және жазық аумақтар, гидротехникалық құрылыстар тексерілді.

"Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу барысы тексерілді. Жазықтықта, Күршім ауданында қар 60-70%-ға, Самара және Ұлан аудандарында 20-40%-ға еріген. Қалған жазық аумақта қар жылдам еріп жатыр. Су тасқыны жағдайын үнемі бақылауда ұстап отырмыз", - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқановтың айтуынша, зерттелген аумақта өзендердің арнасынан асуы және су тасқыны анықталған жоқ.

"Бұқтырма, Үлбі ірі өзендерінің арналары мен су қоймаларында мұз қатып жатыр. Қалжыр өзенінің арнасы мұздан енді ғана ашыла бастады. Тексерілген гидротехникалық құрылыстарда жағдай тұрақты, 30-60% суға толған. Су деңгейі төмендетілген, төменгі су ағыны ашық. Облыстың барлық таулы аумағын қар басып жатыр", - деді Тоқанов.

Облыста су тасқыны болған жағдайда 1 719 адам, 756 бірлік техника, 83 бірлік жүзу құралы және 224 мотопомпа дайын, дейді ведомство. Қажет болған жағдайда әскери бөлімнің күштері мен құралдары да жұмылдырылады.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы