USD
USD
USD

ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының өлі денесі табылды

ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының өлі денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының өлі денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті 17 желтоқсанда Қатонқарағай ауданы полиция бөлімімен Қабырға ауылындағы үйде зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адам мәйітінің табылу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (Адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталғанын хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ жарақатын салған, одан ұлы қайтыс болған, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде,Сот сараптамалары тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1- бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық