USD
USD
USD

ШҚО-да он күнде қарсы жолаққа шығып кеткен 18 адам жүргізуші куәлігінен айырылды

 Шығыс Қазақстан облысында соңғы он күнде қарсы жолаққа шығып кеткен 18 адам жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да он күнде қарсы жолаққа шығып кеткен 18 адам жүргізуші куәлігінен айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан көлік жүргізушілері арасында жол жүрісі ережелерін өрескел бұзатындар тыйылмай тұр.

Талдау көрсеткендей, соңғы 10 күннің өзінде ғана 18 адам жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.

Оның барлығы жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Мәселен, 13 шілдеде Өскемендегі Назарбаев даңғылында «Киа» маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта жүрген. Тәртіп сақшылары оны байқаған соң бірден тоқтатты. Аталған бұзушылыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Қала тұрғыны алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net