USD
USD
USD

ШҚО-да қос азаматтық фактісі анықталды

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтық фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да қос азаматтық фактісі анықталды
Фото: NEGE.kz

ШҚО, NEGE.  Көкпекті ауданының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстыру жүргізу кезінде аудан орталығы тұрғынының Ресей Федерациясының азаматтығын алу фактісін анықтады. Азамат зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін 8 жыл бойы Қазақстанда Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, зейнетақы алып келген.

Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылғаны тіркелді.

ШҚО ПД көші-қон қызметі азаматтарға өзге елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды уақытылы тіркеу қажет екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе