USD
USD
USD

ШҚО-да қауіпті учаскеде жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

 ШҚО-да қауіпті учаскеде жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді
Фото: NEGE.kz

ШҚО, NEGE.  Жиі қар жауып, қатты жел соғуына байланысты «Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» тасжолында қар көп жиналып, көшкін жүру қаупі туған.

«Сондықтан «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы тасжолдың 2 учаскесінде жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. Нәтижесінде, 6700 текше метр қар түсірілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе