USD
USD
USD

ШҚО-да хирургтар науқастың өтінен бір уыс тас алды

Шығыс Қазақстан облысында хирургтар науқастың өтінен бір уыс тас алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО-да хирургтар науқастың өтінен бір уыс тас алды
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстық ауруханаға 56 жастағы науқас түскен.

Белгілі болғандай, оның өтінде тас пайда болғанына 6 жылдан асты. Осы жылдар бойы ол консервативті түрде емделіп, ауырсынуды басатын дәрілерді ішіп келген. Тексеру нәтижесінде әйелдің өт қабы қатты тартылып, тасқа толып кеткені анықталды.

Дәрігерлер шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдаған. Науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия жасалды.

Операция барысында микроскопиялық бейнекамера арқылы пациенттің өті ішіндегі тастарымен бірге алынып тасталды. Өттен бір уыс тас шыққан.

«Науқастың жолы болды деуге болады. Себебі тастар жалпы өт жолына түсіп үлгермеген. Бұл жағдайда оның жағдайы әлдеқайда ауыр болар еді», - дейді хирург Дәулет Есімжомартов.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев