USD
USD
USD

ШҚО-да биыл жол апатынан мерт болғандар саны артты

Шығыс Қазақстан облысында биыл жол апатынан мерт болғандар саны артты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті

ШҚО-да биыл жол апатынан мерт болғандар саны артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері өңір жолдарында болған жол-көлік оқиғаларынан 120 адам көз жұмған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама көп.

Полицейлер адам өліміне әкелетін жол апаттарының жиілеп кеткеніне орай, түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, жүргізушілерге қыс кезінде жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертуде.

«Өткен жылы жол-көлік оқиғаларынан 102 адам жан тапсырған. Биыл жолдағы апат азайғанымен, мерт болғандар саны өсіп отыр. Қазір облыста республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Соның аясында облыстың қалалары мен аудандарында полиция кезекшілігі күшейтілген», - деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Әнуарбеков.

Қазір оқып жатыр

Дәдебай Құрылтайдағы орынбасарларын таңдады

Құрылтай төрағасының орынбасарлары

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер зардап шекті

өрт шықты

Қазақстан КҚК терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін мұнай өндіруді қалпына келтірді

мұнай өндірісі

Қазақстандықтарға Малайзияға кіруге рұқсат берілмеу жағдайы жиілеген: СІМ мән-жайды түсіндірді

Малайзия