USD
USD
USD

ШҚО-да биыл кәмелеттік жасқа толмаған 11 бала өзіне қол салмақ болған 

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 11 бала өз-өзіне қол салмақ болды.

ШҚО-да биыл кәмелеттік жасқа толмаған 11 бала өзіне қол салмақ болған 
Фото: NEGE.kz


Елорда, NEGE.  ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы үш жылда 23 бала өз-өзіне қол салған. Ал суицид жасауға әрекеттенгендер саны – 123 баланы құрап отыр. «Осы жылдың басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 3 бала өз өмірін өлімге қиды.

Бұдан бөлек, суицид жасамақ болған тағы 11 бала тіркелген. Балалардың өз-өзіне қол салуының себептері әртүрлі. Атап айтқанда, отбасындағы жанжал, айналасындағы адамдармен қандай да бір келіспеушіліктер, жауапсыз махаббат», - делінген ақпаратта. Прокуратура дерегінше, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша мемлекеттік органдар мен полицияның жүргізіп жатқан жұмысы сылбыр.

«Мектептерде штаттық психологтар жеткіліксіз. Олардың жұмысы кей жерлерде тек формальды сипатта. Қолданыстағы диагностикалық әдістер еш жетілдірілмейді. Ал тәртіп сақшылары тарапынан балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік үгіт-насихат белгілері бар сайттарды анықтауға және бұғақтауға тиісті мән берілмеуде», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция