USD
USD
USD

ШҚО-да белгісіз дерттен мал қырылып жатыр

Шығыстағы Зайсан ауданының Шілікті ауылында мал арасына тараған індет әлі тыйылмай тұр, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

ШҚО-да белгісіз дерттен мал қырылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Сәуір айында бірнеше қожалықтың жас төлі қынадай қырылған. Бастапқыда облыстағы ветеринарлар қозы мен бұзаудың аштан өліп жатқанын айтқан. Алайда зертханалық сараптама нәтижесі бойынша «анаэробты интер таксин» деген инфекциядан өлгені анықталды.

Бұл – малдың ішкі құрылысын зақымдайтын ауру. Ал қазір осы Шілікті ауылы мен оның маңындағы бірнеше қожалықтың ірі қарасы белгісіз індеттің ілмегіне ілінді. Шілікті – шекараның шегіндегі ауыл.

Халық тек мал өсіріп, тірлік етіп отыр. Бірақ биылғы көктемде кейбір шаруашылықтардың малына індет тиіп, жас төл қырылған. Айболат Лекеровтың 150 қозысы өлген. Аудан мен облыстан келген ветеринарлар бастапқыда жас төл аштан қырылып жатыр деп болжам айтқан.

Шарасы жоқ шаруалардың жағдайынан облыстағы ветеринария саласына жауапты органдар түгел хабардар. Әзірше сынама алған. Өлген төл үшін жеке қожалықтарға өтемақы төленбейді. Ветеринарлардың айтуынша, «анаэробты интер таксин » деген індет өтемақы төлейтін аурудың тізімінде жоқ.

Бұл қожалықтан соңғы бір айда 10-нан аса сиыр ауырған. Бақташының айтуынша, ірі қараның ерні, езуі, тілі көлдіреп ісіп, аузынан сілекей шұбырады. Тіпті бірнеше тәуліктен соң мүлде шөп жұлып, оттай алмай қалады. Шаруалар: «Аурудың белгілеріне қарап, аусыл ма», – деп алаңдап отыр.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

.

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

.

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті