USD
USD
USD

ШҚО-да аудан әкімі қарамағындағы қызметкерді жемқорлық жасағаны үшін жұмысынан кетті

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова қарамағындағы қызметкерді сыбайлас жемқорлық үшін сотталғаннан кейін лауазымын босатты.

ШҚО-да аудан әкімі қарамағындағы қызметкерді жемқорлық жасағаны үшін жұмысынан кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тамара Рахымжанова отставкаға кеткенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Себебін де сол жерде жазған.

"Орынбасарларымның бірі сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР Заңының 60-бабына сәйкес, егер тағайындалған күннен бастап үш ай өткеннен кейін тікелей бағыныстыларға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда аудан әкімі орнынан түсуге өтініш береді", - дейді Тамара Рахымжанова.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 19 қарашасында аудан әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс бойынша ШҚО Апелляциялық сотының үкімі шыққанын хабарлады.

"Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес отставкаға жазбаша өтініш бердім", - деді ол.

Еске салайық, аудан әкімі лауазымына Тамара Рахымжанова 2020 жылдың 18 қыркүйегінде тағайындалды, бұған дейін ол Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID