USD
USD
USD

ШҚО-да әкімдік жүргізушісі мас күйде көлік тізгіндеп, жарық бағанасына соғылды

Шығыс Қазақстан облысында мас күйде рульге отырып, жарық бағанасына соғылған Катонқарағай ауданындағы әкімдіктің көлік жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

ШҚО-да әкімдік жүргізушісі мас күйде көлік тізгіндеп, жарық бағанасына соғылды
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE. Катонқарағай аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, ауылдық округтердің бірінде әкімдікте көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адам 4 желтоқсан күні алкогольді ішімдік ішіп алып, рульге отырған.

Соның салдарынан ол рульге ие бола алмай, жол жиегіндегі жарық бағанасына соғылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Бірақ ауылдық округ әкімдігіне материалдық шығын келтірілген. Жүргізуші келтірілген шығынды өз еркімен толықтай өтеді. Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай