USD
USD
USD

ШҚО-да 49 барымташы ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылы мал ұрлығы 14 пайызға азайған.

ШҚО-да 49 барымташы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу бойынша бірқатар шараны қолға алған. Соның нәтижесінде биыл өңірдегі мал ұрлығы 14% төмендеді.

«Көбінесе барымташылар малды еркін жайылымнан ұрлайды. Ал кейбір жағдайларда алысқа жайылған мал жоғалып кеткен. Мұндай өтініштер бойынша полицейлер дер кезінде көмек көрсетіп, іздеу жұмыстарын жүргізеді», - делінген хабарламада.

Осы жылы мал ұрлаған 49 адам ұсталып, 6 қылмыстық топтың жолы кесілді. Сондай-ақ 500-ден астам мал иелеріне қайтарылған.

«Облыс бойынша қараусыз қалған малға арналған 277 айыппұл тұрағы құрылған. Онда 8 мыңға жуық мал басы қамалып, 2 мыңнан астам тұрғын ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат