USD
USD
USD

ШҚО-да 2 адамда қос азаматтық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында екі адамда қос азаматтық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да 2 адамда қос азаматтық анықталды
Фото: NEGE.kz

ШҚО, NEGE.  “Мигрант” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтық фактілерін анықтауды жалғастыруда.

Мәселен, Риддер қаласында 2006 жылы Алтай өлкесінде азаматтық алып, Ресей Федерациясы азаматының паспортын ресімдеген ер адам анықталды.

«Ресей азаматы бола тұра, ол тоғыз жыл Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы алып келген екен. Ол үшін ер адам ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сонымен қатар, Ұлан ауданында ер адам 2020 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алып, алайда полиция органдарына хабарламаған. Аталған факті бойынша ол сот шешімімен елден қуылды.

ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақтылы тіркеу қажет екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев