USD
USD
USD

ШҚО-да 12 сантиметр қар жауды

 ШҚО-ның бірқатар аудандарында қар жауып қалды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

ШҚО-да 12 сантиметр қар жауды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Катонқарағай, Күршім аудандары мен Риддер қаласының маңында қар түсті. Тұрғындар алғашқы қардың фотосуреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желі арқылы таратып жатыр. Айтуларынша, Ұрынқай ауылында жауған қардың биіктігі 12 сантиметрге дейін жетіпті. Ал Риддердің тауларындағы қар тас жол мен шыршаларды басып қалған деседі. Синоптиктердің айтуы бойынша таулы өлкелерде қардың ерте түсуі таңқаларлық жағдай емес. Дегенмен, осы жылы қыстың лебі ерте келгенін олар да мойындап отыр. Алдағы күндері облыс аумағында ауа температурасы төмендеп, жел күшейеді деп болжануда.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті