USD
USD
USD

ШҚО: Жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тасжолда көлігі сынып, боранда қалып қойған 2 кішкентай баласы бар отбасы құтқарылды.

ШҚО: Жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түнде Ақсуат-Ақжар тасжолында отбасы көлігі сынып, боранда қалып қойған. Отбасында 4 адам болған, оның екеуі бала.

«Жолдағы жағдай кешке күрделене түсті. Себебі жолдан ешқандай көлік өтпеген. Көліктегі адамдар құтқарушыларға хабарласқан. Осылайша, Тарбағатай ауданындағы мамандар оларға көмектесу үшін жолға шықты», – делінген ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар отбасын жақын маңдағы кафеге жеткізіп, көлікті қардан шығаруға көмектескен.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері өңірдегі жолдардың бойында жалпы 56 жылыту пункті барын атап өтті. Онда жүргізушілер жылынып, шай ішіп, тиісті көмекті алуға мүмкіндік жасалған.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған: Алматы облысында үш адам сотталды

блогер соты

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі