Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ШҚО: Жер үйлердің ауласын су басты

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше жер үйдің ауласын су басты.

ШҚО: Жер үйлердің ауласын су басты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты. Алайда Бородулиха ауданы мен Риддер қаласында қарғын су жер үйлердің аулаларын басуда.

«Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган өкілдері мен құтқарушылар жұмысы істеуде. Инертті материалы бар 400 ыдыс-қап төселді. Қазіргі уақытта Риддердегі 5, Бородулихадағы 1 үй ауласын су басқан. Қарғын суды бұру жұмыстары жүргізілген соң үйлердің аумағынан су сорылады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар, әскери бөлімдерден барлығы 90 адам мен 22 техника жұмылдырылған. Жағдайға мониторинг тәулік бойы жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық