USD
USD
USD

ШҚО: Жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысында бүгін бірнеше рет жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді. 

ШҚО: Жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде облыстың таулы аймақтарында қар әлі де көп. Кей жерлерде қар қалыңдығы 40-тан 60 см-ге дейін жетеді.

«Соған орай қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Катонқарағай ауданындағы «Берел-Рахман қайнарлары» тасжолының 432-438 шақырымында жасанды жолмен 890 шаршы метр, Алтай ауданындағы «Алтай-Богатырево» тасжолының 3 учаскесінде 770 текше метр қар түсірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға барынша абай болып, тауға шықпау қажеттігін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов