USD
USD
USD

ШҚО жас ғалымдары су тазартудың жаңа технологиясын ойлап тапты

Шығыс Қазақстан облысының жас ғалымдары суды тазартудың жаңа технологиясын ойлап тапты, деп хабарлайды Kazinform.

ШҚО жас ғалымдары су тазартудың жаңа технологиясын ойлап тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өскемендегі С. Аманжолов атындағы ШҚУ жас ғалымдары облыс әкімі Ермек Көшербаевқа су тазартуға арналған композициялық сүзгі материалдарын өндіру технологиясын таныстырды.

ЖОО ғалымдары дәл осы жоба арқылы 338 млн теңге грант ұтып алған.

«Жоба бойынша ғалымдар суды тазартуға арналған сүзу жүйесін өндіру технологиясын әзірледі. Бұл технология графен оксидіне, табиғи бентониттермен модификацияланған көміртекті материалдар мен биополимерлерге негізделген. Мамандардың жеке серіктесі – Bolashak Energy Group ЖШС», – деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығынан.

Облыс әкімі жас ғалымдардың тың технологиясын өңірде сынап көруді ұсынды.

«Шығыс Қазақстанның шалғай аудандарын ауызсумен қамту – өзекті мәселе. Жауапты басқармаға бұл жұмысты келер жылдың аяғына дейін аяқтауды тапсырдым. Ондағы мамандар жас ғалымдардың осы технологиясын бір ауданда сынап көрсін. Нәтижеге қарай қалай жұмыс істейтініміз белгілі болады», –деді Ермек Көшербаев.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар