USD
USD
USD

ШҚО: Үш күнде 17 рет өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш күнде 17 рет шөп өртеніп, қызыл жалын жалпы аумағы 213 гектар жерді шарпыды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ШҚО: Үш күнде 17 рет өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңірде өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 171 орман өрті тіркелген. Осының салдарынан 504,6 гектар орман алқабы жойылып кетті. Сондай-ақ күн сайын шөп жану оқиғалары орын алуда.

«20-23 тамыз аралығында 213 гектар аумақты шарпыған 17 шөп өрті болды.

Құтқарушылар, орманшылар, полицейлер және жергілікті атқарушы орган өкілдері шөп жануының алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізуде. Тұрғындарға саяжайда от жаққанда қауіпсіздік ережелерін бұзуға болмайтыны ескертілуде. Заң талаптарын сақтамайтындар жауапқа тартылады», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі