USD
USD
USD

ШҚО тұрғыны қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған

15 мамыр күні Серебрянск қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тіркелмеген қаруды сақтау фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО тұрғыны қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала тұрғындарының бірінен оның жеке секторы аумағында полицейлер тіркелмеген бес тегіс ұңғылы мылтықты, ұсақ калибрлі мылтықтың ұңғысын, үш аңшылық пышақты, сондай-ақ 50-ден астам патронды тәркіледі.

ШҚО ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта полицейлер тіркелмеген қарудың қайдан шыққанын анықтап жатқаны туралы түсініктеме берді. Баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ өңірде “Қаруды тапсыр” науқаны өтіп жатқанын, оның аясында заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылатынын атап өтті.

Қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әрбір бірлігі оның техникалық күйін ескере отырып республикалық бюджеттен 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі төлем жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны